Dream City - AlmaU4U Республикалық Олимпиадасы шеңберіндегі байқау, оның мақсаты Қазақстан қалаларын қазіргі және болашақ үшін жайлы, көрікті және экономикалық жағынан тартымды ете алатын дарынды оқушыларды іздеу және анықтау.
D
R
E
M
A
Y
T
I
C
Кім қатыса алады?
ҚР мектептері мен колледждерінің бітіруші сынып оқушылары
Мен не аламын?
Барлық кезеңдерден өткен жағдайда оқуға түсуші бүкіл оқу кезеңіне 100%, 75%, 50% жеңілдік ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Маңызды
Гранттар тек "Урбанистика және Сити менеджмент" білім беру бағдарламасына қолданылады
Грантты/жеңілдікті пайдалану және сақтау шарттары
Грантты/жеңілдікті пайдалану үшін жүлдегерлер түсу кезінде тиісті бейіндік пәндері бар (география + математика) ҰБТ сертификатын және ең төменгі өту балын (сомасы 75 балл және әрбір пән бойынша кемінде 5 балл) көрсетуі қажет. Оқу кезінде Грант / жеңілдік сақталады GPA 3.25 және одан жоғары көрсеткіштер.
Байқауды өткізу кезеңдері
Тіркелу 2023 ж. 10 ақпанға дейін
Байқауға қатысу үшін көрсетілген мерзімге дейін тіркеуден өту қажет
1 кезең Презентация 13 ақпан - 23 ақпан 2023
"Менің қаламда урбанистиканың қандай проблемалары бар және осы мәселелерді шешу жолдары" тақырыбында жоба дайындау. Презентация кем дегенде 7 және ең көбі 12 слайдтан тұруы керек, формат - ppt. Дайын презентацияларды 2023 жылдың 13 ақпаннан 23 ақпан аралығында 18:00-ге дейін dreamcity.almau@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар тексеруге қабылданбайды.
Жобаны қорғау және марапаттау 24 наурыз - 25 наурыз 2023
1 кезеңнің қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары комиссия мүшелерінің алдында жобаны қорғауға Алматы қаласына шақырылады. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2023 жылы 25 наурызда AlmaU-да өтеді.