Erasmus+ және ҚР ҒЖБМ бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) қаржыландыруымен жүзеге асырылатын академиялық алмасу бағдарламасы – мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алып жатқан студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарлама аясында негізгі шығындар ҚР ҒЖБМ гранты есебінен қаржыландырылады, ал студент тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, виза рәсімдеу, екі бағыттағы әуе билеттері және жеке шығындарының бір бөлігін өз қаражаты есебінен өтейді. (Аталған қаржыландыру тек күзгі семестрдегі академиялық алмасу бағдарламасына қатысу үшін қарастырылған.)
📅 Іріктеу кезеңі:
тамыз – қыркүйек / ақпан – наурыз